11.04.2017, 12:45
Оқылды: 39

Теректі ауданында 12 жасар қызға зорлық көрсеткен азғын ұсталды

Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде Теректі аудандық ішкі істер бөліміне келген Барбастау ауылының тұрғыны күйеуінің жасөспірім қызына зорлық көрсеткені туралы шағым түсірді, деп хабарлайды аудандық прокурордың орынбасары Тұрар Ниязбаев.

Әйелдің айтуынша, қазіргі күйеуі соңғы бір ай көлемінде үйде ешкім болмаған сәтті пайдаланып арам пиғылын жүзеге асырып, мас күйінде 12 жасар өгей қызына азғындықпен бірнеше рет зорлық көрсеткен.

Шағым бірден тіркеліп, тергеу-сараптама жұмыстары жүргізіліп, күдікті мен жәбірленушіні көздестірген соң, зорлықшы К.тұтқындалып, абақтыға жабылды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасуда. Аталған іс бойынша процессуалдық прокурор тағайындалды. Қыз балаға тиісті психологиялық көмек көрсетілді.

Тұрар Ниязбаевтың айтуынша, аудан көлемінде орын алып отырған мұндай жағдай бір бұл емес. Қылмысқа кінәлі деп табылған азғындар тиісті жазаларын алып, темір торға тоғытылды.   

Мұндай оқиғаларға жол бермеу үшін, аудандық прокуратура қызметкерлері азаматтардан сақ болуды және балаларына көбірек көңіл бөлуді, олардың қашан, қайда, кіммен жүргендігін қадағалап отыруды өтінеді.

Азғындық фактілері туралы полиция және прокуратура органдарына дереу хабарлауды сұрайды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале