2.10.2026, 12:15
Оқылды: 10

«Құрмет» жобасы: Қазталов ауданында аға буынның өнегелі жолы насихатталды

Казталов ауданында Нүрия Самиғоллақызының бастамасымен жүзеге асып келе жатқан «Құрмет» танымдық жобасының кезекті шығарылымы өтті. Тағылымды шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіп Шакуов, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты.

image-02-10-26-10-21-16

Аудандық кітапханада ұйымдастырылған тағылымды кездесуде елге еңбегі сіңген азаматтар Батырхан Байғонақов, Бақытқаным Иманғалиева және Рақмет Сатиев өздерінің еңбек жолы, өмірлік тәжірибесі мен елдік құндылықтар жайында әңгіме өрбітті.

image-02-10-26-10-21-9

Жоба қонақтары еңбекпен өткен ғұмырдың белестеріне тоқталып, кейінгі буынға ақыл-кеңестерін айтып, ойларын ортаға салды. Өмірден көргені мен көңілге түйгенін бөліскен аға буын өкілдерінің әңгімесі жастар үшін тағылымды кездесу болды.

image-02-10-26-10-21-1

«Құрмет» жобасының негізгі мәні де осында – елге қызмет еткен азаматтардың өнегелі жолын насихаттап, олардың өмірлік тәжірибесін кейінгі ұрпаққа жеткізу.

Кездесу соңында жоба спикерлеріне арнайы алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табысталды.

 

Нәзік Сламбек,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале