Казталов аудандық Қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Жиынға аудан әкімдігі аппаратының басшысы Аслан Асқар қатысып, кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты.
Отырыста негізгі мәселе ретінде 2026–2028 жылдарға арналған аудандық және ауылдық округтер бюджеттеріне толықтырулар енгізу мәселесі қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жадыра Сүндетова баяндама жасап, бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ақпарат берді.
Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынылып отырған өзгерістерді талқылап, бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты жұмсау, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстарды қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды.
Жиын барысында сондай-ақ басқа да мәселелер қаралып, тиісті ұсыныстар айтылды.
Асылбек Нәсіпқалиұлы,
Казталов ауданы