3.10.2026, 9:00
Оқылды: 6

Жаңақалада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Жаңақала ауданы орталығындағы «Сабен» шағын маркетінің жанында ауыл шаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесі өтті.

82f4b466-d673-4f8a-a167-c93dd2273db2_edit_793397820477

Күннің салқындығына қарамастан, тұрғындар сауда орнына көптеп жиналды. Олар ауыл еңбеккерлері ұсынған табиғи өнімдерге сұраныс танытты.

Бұл жолғы жәрмеңкеге Жаңақазан, Қызылоба, Мәстексай және Бірлік ауылдарының тұрғындары өздері өндірген өнімдерін әкелді.

f7a669b8-6754-43d5-8313-0cc5d6304c7f_edit_800732350266

Сөрелердегі тауар бағасы да көпшілік үшін қолжетімді болды. Атап айтқанда, картоп пен сәбіздің келісі 150 теңгеден болса, асқабақ 130 теңгеден сатылды. Балғын ет халыққа 3200 теңгеден ұсынылды. Сүт өнімдері бойынша сүзбенің келісі 800 теңге, айранның литрі 600 теңге, сары майдың келісі 7500 теңге, құрттың келісі 3000 теңгені құрады.

15b1e237-d830-4873-a3f8-4aeae1b6b41b_edit_807524835993

Осындай сауда орындарының ұйымдастырылуы ауылдағы ағайынның кәсібін қолдап, жергілікті өнімнің тұтынушыға жетуіне жол ашады. Күздің қоңыр салқынына қарамастан, берекелі сауданың көркін кіргізген тұрғындар өздеріне қажетті азық-түлікті сатып алып, көңіл толтырып тарқасты.

Ақерке Ғилымхан, 

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале