3.10.2026, 9:30
Оқылды: 6

Қазталов ауданының әкімі ауыл шаруашылығы саласының ардагеріне құрмет көрсетті

Халықаралық қарттар күні қарсаңында Қазталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов еңбек ардагері, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Өтепберген Бекжановты қабылдап, 70 жас мерейтойымен құттықтады.

image-02-10-26-11-36

Өмірін ауыл шаруашылығының өркендеуіне арнаған Өтепберген Исламғалиұлы 1956 жылы Әжібай ауылында дүниеге келген. Мектептен кейін тракторшылар курсын тәмамдап, әскери борышын өтеген. 1978 жылдан бастап ұжымшарда жылқышы болып еңбек жолын бастады. Кейіннен, 2003 жылы «Миялы» шаруа қожалығын құрып, туған жердің берекесін арттыруға сүбелі үлес қосты.

Ерен еңбегі бағаланып, 2016 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Аудан әкімі кездесу барысында көп жылғы адал еңбегі үшін ардагерге ризашылығын білдіріп, игі тілегін жеткізді.

Жайна Таусихқызы, 

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале