4.10.2026, 9:00
Оқылды: 6

Тас жолдағы велоспорттан Азия ойындарының тарихи чемпионы Рината Султанова елге оралды

Бұл туралы ҚР Спортты дамыты дирекциясы хабарлайды. 

IMG_20261003_221959_940

Фото: DRSQazaqstan

Астана халықаралық әуежайына Аичи-Нагояда өткен XX жазғы Азия ойындарында тас жолдағы велоспорттан топ жарып, тарихи алтын медаль жеңіп алған, сондай-ақ велотректегі омниум сайысында күміс жүлдеге ие болған Рината Султанова мен Қазақстанның велотрек құрамасы ұшып келді.

«Жеңіске жетуіме күнделікті жаттығу, өзіммен жұмыс істеуім көмектесті. Әрине, Азиаданың қос жүлдесін алғаныма қуаныштымын. Бірінші кезекте тас жолдағы велоспортта топ жаруды көздеген едім. Сол мақсатым орындалды. Барша қолдаған жанға алғысым шексіз! Шынымды айтсам, бүгін әуежайда осынша көп жанкүйер және Павлодардан арнайы келген достарым болады деп күтпедім. Өте қуаныштымын», – деді Рината Султанова.

Спортшыларды ҚР Туризм және спорт министрлігінің өкілдері, достары, отбасы мүшелері мен жанкүйерлері қарсы алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале