4.10.2026, 11:00
Оқылды: 5

БҚО-да 1 мыңнан астам балаға жеңілдікпен жол жүру құқығы берілді

Бұл туралы БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды. 

жп автобус

Фото: zhaikpress.kz фотомұрағатынан

Бөрлі ауданының прокуратурасы аудандық мәслихаттың «Бөрлі ауданы жолаушыларының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» шешіміне жүргізілген талдау барысында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қозғайтын бұзушылықтарды анықтады.

Атап айтқанда, қолданыстағы мәслихат шешімінде 16-17 жас аралығындағы кәмелетке толмағандарға жол жүру ақысына 50% жеңілдік қарастырылмағаны анықталды.

Осының салдарынан аталған жас санатындағы оқушылар қоғамдық көлікте жол жүру ақысын толық тариф бойынша төлеп келген.

Прокуратураның қадағалау актісі негізінде мәслихат шешіміне тиісті өзгерістер енгізіліп, қазіргі уақытта Ақсай қаласында кәмелетке толмаған жолаушы үшін жол жүру ақысы 50 теңгені құрайды.

Осыған ұқсас жеңілдік тарифі ауданның өзге де маршруттарында белгіленді: кәмелетке толмағандар үшін жол жүру құны 50 пайызға төмендетілді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 1155 кәмелетке толмағанбаланың құқығы қалпына келтірілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале