ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сәйкес, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында елімізде кохлеарлық имплантаттау бойынша 225 операция жасалып, нәтижесінде 169 бала есту мүмкіндігіне ие болды.

Фото: DenMinPR
Мемлекеттік кепілдіктер аясында бұл маңызды медициналық көмекті жүргізуге 1,81 млрд теңге бағытталды. Әсіресе есту қабілеті бұзылған балаларға ерте көмек көрсетуге баса көңіл бөлініп отыр, өйткені жасалған операциялардың 124-і бес жасқа дейінгі балдырғандарға тиесілі. Имплант орнатылғаннан кейін бір ай өткен соң құрылғыны іске қосып баптау жұмыстары жүргізіліп, сурдологтар мен сурдопедагогтердің қатысуымен ұзақ мерзімді есту-сөйлеу оңалтуы басталады.
Мамандар ата-аналарға баланың дауысқа реакциясын қадағалап, есту қабілетінде ауытқу байқалған жағдайда уақтылы дәрігерге қаралу қажеттігін ескертеді.