12.04.2017, 16:41
Оқылды: 50

Өмір сүру үшін өзгере білейік!

Ел газетіне жарияланған Елбасының көлемді мақаласы көпшілікке ой салары сөзсіз. Өйткені өзекті әңгіменің басты түйіні заманға сай жаңғыру міндеті болып отыр.


Елбасы ұлттық жаңғыру деген ұғымның аясын жақсы ашып көрсеткен. Табысты болудың басты қағидасы – білім туралы да Елбасымыз таяу жылдардағы міндеттерінде анық көзімізді жеткізіп отыр. Бұрыннан талқыға салынып жүрген латын әліппесіне көшіру, әлеуметтік желілерде халықтың қалың талқысына түсіп, ата-аналар арасында көптеген түсініспеушілікке әкеліп жүрген ағылшын тілін игеру мәселесі мақалада түсінікті тілде жеткізілгені ата-ана ретінде маған ұнады. Көзқарасым өзгерді.

Сонымен қатар «Туған жер» бағдарламасын қолға алу идеясы -  өте жақсы ұсыныс. Бәрімізде ауылдан түлеп ұштық. Әр азамат туған жерінің өркендеуіне үлес қосуы тиіс деп есептеймін. Жас ұрпақтың туған жердің тарихын, өз жерінде өскен атақты тұлғаларды білуі нағыз патриоттық сезімді оятудың өзегі екенін баршамызда ұмытпауымыз қажет.

Елбасымыз өз мақаласында «Мен барша қазақстандықтар, соның ішінде жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін» деп айтып өткеніндей, бәрімізде уақыт көшінен қалмай, жақсы өмір сүруіміз үшін әрдайым өзгере білейік.

Айболат Қожанғалиев,

«Өркен» қосымша білім беру орталығының директоры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале