5.10.2026, 21:00
Оқылды: 6

Ресейде өткен сайыста теректілік үш жас спортшы чемпион атанды

Ресей Федерациясының Саратов қаласында грек-рим күресінен өткен халықаралық турнирде Теректі ауданының жас спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, ел набысын асқақтатты.

InShot_20261005_190240991

16 командадан 300-ге жуық балуан қатысқан ауқымды бәсекеде теректіліктер қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады. Тартысты белдесулердің қорытындысы бойынша Айбар Абугалиев (32 келі), Арлан Аманқұл (35 келі) және Ералы Тлепқали (35 келі) өз салмақ дәрежелерінде үздік шығып, 1-орынды жеңіп алды.

Жас чемпиондарды жарысқа тәжірибелі жаттықтырушы Айдын Сулейманов дайындады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале