12.04.2017, 17:49
Оқылды: 19

Кітапқұмарлықты ояту үшін

Kitap okuu01   Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мейірімді көктем» үш айлық ізгілік іс шарасының аясында бүгін «Bookcrossing» акциясы өтті.

    «Bookcrossing» ағылшын тілінен аударғанда «Кітап алмасу» деген мағына береді. Мақсат мүмкіндігі шектеулі балалардың кітап оқуға құмарлығын арттыру. Яғни кездесуге келген балалардың әрбірі кітап алып келіп, осындағы шағын кітапханадан үйге оқуға кітап алып кетеді. Әкелген кітабын осында тапсырады, не өзімен бңрге алып кетеді. Шараға он бес мүмкіндігі шектеулі бала ата-анасымен бірге қатысты.


      Шараны ұйымдастырған облыстық кәріс ұлттық мәдени бірлестігі және «Болашаққа көзқарас» жобасының жетекшісі Ақсай қаласындағы «Монтажтехсервис» ЖШС-ның бас директоры Болат Сәрсенов, «Арба» тірек-қозғалыс қызметі бұзылған мүгедек азаматтарды қолдау қоғамы» қоғамдық бірлестігі. Облыстық кәріс ұлттық мәдени орталығы бұл шараны Қазақстандағы қандастарының өмір сүруінің 80 жыл толуына байланысты арнаған екен.

      Шарада «Арба тірек-қозғалыс қызметі бұзылған мүгедек азаматтарды қолдау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлмира Батпақұлова шараны ашты. Болат Сәрсенов, Максим Пак, Бөрлі аудандық кәріс ұлттық мәдени орталығының басшысы Витали Ан сөйлеп, өздерінің ізгі шараларға белсенді қатысуға мүдделі екендіктерін айтты.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале