Казталов аудандық білім беру бөлімінің ардагері Рая Молдашева ҚР Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен ұлықталса, Бірік мектебінде санның сырын ұғындырған математик Нұргүл Өтешова «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» биігінен көрінді.

Бұл кеште білім бәйгесінде дараланған ұстаздар асқақ мәртебеге ие болып, мерейлері өсті. Атап айтар болсақ, Казталов ауданының білім беру бөлімінің басшысы Самал Джангереева, К. Меңдалиев атындағы білім ұясының мектеп директоры Салтанат Өтеғұлова Ұлт ағартушысының аманатын арқалап, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісін мақтанышпен кеуделеріне тақты.

Ал Қараөзен мектеп-лицейінің математигі Гаухар Хайрошеваға облыс әкімінің алғыс хаты табысталды.
Төгілген тер мен тынымсыз еңбектің өтеуі дәл осындай мерейлі марапат болса керек-ті!
Жұлдыз Асқар,
Казталов ауданы