13.04.2017, 11:37
Оқылды: 20

Уақыттың ең керек мәселесі қозғалды

Елбасымыздың бүгінгі Мәңгілік елдің қайта жаңғыруында жасалып жатқан үлкен жаңалық-ұсынысы көңілден шығатыны сөзсіз. Кіндік қаны тамған туған жерді сүйе отырып, ұлы даланы сүю - бұл біздің ұрпаққа беретін мәңгі тәрбиеміз. Әр адам ошақ басында ұл-қызын осыған тәрбиелеу керек. Өйткені бұл - ата-баба арманы. Міне, Елбасы дәл осыны айқын нақты, әр жүрекке жеткізіп түсіндірді.


Бүгін біз жазуымызды жаңғырту арқылы ұлы мәдениетке қайтадан аяқ басамыз. Ежелгі дәстүрімізді сақтай отырып, тіл үйренеміз. Сөйтіп, өзімізді әлемге мойындатамыз. Бізді танып ал деп отыра беруге болмайды. Өйткені ат арба жеккен дәурен өтіп кетті. Ғасыр жаңғырады, өзгереді. Ал біз ат арбамен ешқайда бармайтынымызды мойындауымыз керек. Ендеше ұмтылыс керек. Ұмытылысты әркім өз жүрегімен іздеуі керек. Ертеңгі күнге, келер ғасырға мықты ұрпақ тәрбиелеу үшін Елбасы айтып отырған мәсәлелерді қолдау және тез арада жаңғырудың жолын ойластыру керек.

Елбасының жас ұрпақ тәрбиесіндегі айтқаны да орынды. Ұрпақ сауатсыз болса, ел өспейді. Бұны ұлы Абай да «Халқым надан болса, қайтіп адам болайын» деп айтып кеткен. Ендеше тек қана білім, ғылым, алға ұмтылу. Аталған мақалада уақыттың ең керек мәселесі қозғалды. Бұл - біздің ұлы дамуымыздың тағы да бір биік белесі.

Ақұштап Бақтыгереева,

ақын

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале