13.04.2017, 11:51
Оқылды: 43

«Қарасу тоғанын тазалап, тереңдету қажет»

Қазталов ауданы орталығына жұмыс сапарымен келген БҚО төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Жасұлан Жұмашев көктемдегі су тасқынының алдын алу, аудан орталығындағы Қарасу тоғанындағы қыс мезгіліндегі балықтардың қырылуы және осы тоғандағы судың әсерінен Алма Оразбаева орта мектебі жертөлесіндегі су көтерілуіне қатысты мәселелермен танысты.

-Қарасу тоғанының астында ұзақ жылдар бойы жиналған балшық осы тоғанның таяздалуына және арнасының ұлғаюына әсер етіп отыр. Сол себептен осы тоғанға жақын орналасқан үйлер мен ғимараттардың жертөлелері астында жер асты суының көтерілуіне әкеліп соғуда. Алма Оразбаева атындағы мектепте де осы жағдай. Жер асты суы 1 метрге дейін көтерілген. Бұл мектеп ғимаратының іргетасы мен қабырғаларының тозуына алып келеді. Сондықтан болашақта Қарасу тоғанын тазалап, тереңдету қажет. Бұл мәселе бойынша арнайы комиссия шұғылданатын болады,- деді.

Сонымен қатар төтенше жағдайлар департаментінің басшысы аудан орталығындағы №19 өрт сөндіру бөліміне соғып, жұмысымен танысты.

Қайрат ЖАҚЫП

 Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале