10.10.2026, 17:00
Оқылды: 5

«Судың қара нарығына жол жоқ!» чат-ботына 50-ден астам өтініш түсті

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында іске қосылған Telegram-дағы «Судың қара нарығына жол жоқ!» чат-ботына 50-ден астам өтініш түсті.

InShot_20261010_131652240

Фото: QR_Su_resurstari_ministrligi

Бұл құрал суару маусымында ресурстарды әділ бөлуді қамтамасыз етуге және «Қазсушар» РМК мен оның филиалдарының қызметіндегі құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Мәселен, маусым басталмас бұрын шаруа қожалығын электронды шарт жасасу жүйесіне тіркеуден бас тартылуына қатысты түскен өтініш «Қазсушар» РМК мен Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығының бірлесуімен сәтті шешілді.

«Қазсушар» РМК бас директоры Ануар Өскенбаевтың айтуынша, Бас прокуратура бекіткен Жол картасы аясында құрылған бұл чат-бот мемлекеттік және орыс тілінде тұрақты жұмыс істеп, азаматтарға анонимді түрде өтініш беруге мүмкіндік береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале