Күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында елімізде электр желілеріне күрделі жөндеу бойынша жоспарланған жұмыстардың көлемі орындалды.

Биыл 17,1 мың шақырым электр беру желісі, 444 қосалқы станция және 3,4 мыңнан астам тарату және трансформаторлық пункт жөнделді.
Жұмыстар еліміздің барлық өңірінде жүргізіліп, электрмен жабдықтаудың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Жөндеу жұмыстарының ауқымды көлемі Ақмола облысында іске асырылды. Өңірде 2,6 мың шақырымнан астам электр беру желісі, 49 қосалқы станция және 555 тарату және трансформаторлық пункт жөнделді.
Павлодар облысында 2 444 шақырым электр беру желісіне, 52 қосалқы станцияға және 609 тарату және трансформаторлық пунктке күрделі жөндеу жүргізілді.
Жамбыл облысында 1,8 мың шақырымнан астам электр беру желісі, 63 қосалқы станция және 316 тарату және трансформаторлық пункт жөндеуден өтті.
Атқарылған шаралар электр желілері шаруашылығының жылыту маусымынан сенімді өтуге дайындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық бақылау және қадағалау комитеті жылыту маусымы кезеңінде электр энергетикасы нысандары жұмысына тұрақты бақылау жүргізуді жалғастыруда.