Өңіраралық әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани қарым-қатысты күшейту, басымдықтар бойынша тәжірибе алмасу мақсатында бүгін Ақжайық ауданының делегациясы аудан әкімі Әділ Жоламановтың бастауымен көршілес Атырау облысының Индер ауданына сапары басталды.
Сапар барысында Индердегі кәріз суларын тазарту стансасы құрылысымен, сондай-ақ осы аудандағы маңдайалды кәсіпкерлердің, еңбек ұжымдарының тынысымен танысу жоспарланған. Делегация әйгілі тарихи орындарда да болады. «Дөңгелек үстел» мәжілістері өтеді.
Бұл күн өнерлерімен республикаға, шетелдерге де мәлім ақжайықтық мәдениет қызметкерлерінің, көркемөнерпаздар ұжымдарының «Жұбан елі – жыр әлемі» атты концертімен мәреленеді.
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz