20.10.2026, 15:45
Оқылды: 18

Ақсайда «Бөрлі жалыны» атауымен аудан әкімінің жастармен кездесуі өтті

Бөрлі ауданында «Бөрлі жалыны» атты аудан әкімінің жастармен кездесуі шарасы өтті. Еркін пікір алмасу алаңына айналған жиында аудан жастарының бастамалары, кәсіпкерлік әлеуеті, шығармашылық ізденістері мен қоғамдық өмірге белсенді араласуы жөнінде сөз қозғалды. Кездесуге Бөрлі ауданының әкімі Еркебұлан Ихсанов, белсенді жастар, қоғам өкілдері мен түрлі сала мамандары қатысты.

WhatsApp Image 2026-10-20 at 16.41.48

Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастырған шара алдымен көрмеден бастау алды. Көрмеде жергілікті кәсіпкерлер мен шығармашыл жастардың көрмесі ұйымдастырылды. Онда «Инжу» жеке кәсіпкерлігінің сүт өнімдері, жартылай фабрикаттары мен дайын тағамдары, «Айлин» тігін шеберханасының ұлттық нақыштағы киімдері мен тігін бұйымдары, «Хадихамитова» жеке кәсіпкерлігінің тәтті десерттері мен ыстық тағамдары, “Омар” жеке кәсіпкерінің жылыжай өнімдері және «Ақсай қаласының фотокөрмесі» жобасы таныстырылды. Көрме жергілікті кәсіпкерлердің еңбегін көпшілікке көрсетіп, олардың өнімдері мен қызметтерін насихаттауға мүмкіндік берді.

WhatsApp Image 2026-10-20 at 16.41.48 (1)

Кездесудің ашылуында Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Ардақ Сағынғали модераторлық жасап, жастардың қоғамдағы рөліне тоқталып, мұндай басқосулардың маңызын атап өтті.

WhatsApp Image 2026-10-20 at 16.41.47

Аудан басшысы Еркебұлан Нұретдинұлы жастармен жүздесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Ашық форматта өткен жиын жастардың өзекті мәселелерді көтеріп, ауданның дамуына қатысты ойларын еркін жеткізуіне мүмкіндік берді.

WhatsApp Image 2026-10-20 at 16.41.46

Жастардың әлеуетін арттыру, жаңа бастамаларды жүзеге асыру, кәсіпкерлікке қолдау көрсету, білім мен кәсіби даму мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері кездесудің негізгі бағыттарының бірі болды.

WhatsApp Image 2026-10-20 at 16.43.26

Шараның қорытынды бөлімінде ауданның қоғамдық өміріне белсенді араласып, түрлі салада нәтижелі еңбек етіп жүрген жастар марапатталды. Олардың қатарында Айгерім Темирбаева, Ғалимат Жолдыкаиров, Сәми Аягөз, Алмат Айболатов, Таңшолпан Байдосова, Мейрамбек Рамазанов, Аружан Жансапиева, Асылзада Исалиева секілді түрлі саланың өкілдері бар.

WhatsApp Image 2026-10-20 at 16.41.46 (1)

- «Бөрлі жалыны» кездесуі жастар мен жергілікті билік арасындағы байланысты нығайтып, өзекті мәселелерді бірлесе талқылауға жол ашты. Мұндай басқосулар жас буынның қоғамдық белсенділігін арттырып, тың идеялардың жүзеге асуына және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді, - дейді қатысушы жас ұстаз Айгерім Ақылбекқызы.

 

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале