21.10.2026, 0:00
Оқылды: 0

Қазталовта балалар қауіпсіздігі мен әлеуметтік қолдау мәселелері қаралды

Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Ернар Ильясовтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

image-20-10-26-10-17-1

Жиында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек көрсету және жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру сияқты өзекті мәселелер сарапталды.

Отырыстың күн тәртібінде Отбасының цифрлық картасы негізінде жүргізіліп жатқан жұмыстар егжей-тегжейлі қаралды. Тұрмыстық қиындықтарды ерте анықтау, әр отбасының әлеуметтік жағдайына жеке тоқталып, балалардың әл-ауқатына кері әсер ететін факторлардың алдын алу қажеттігі ерекше атап өтілді.

Сонымен қатар жиында жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жайы сөз болды. Жас ұрпақты зиянды әдеттерден аулақ ұстау үшін оларды спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге кеңінен тарту, дене шынықтыруды жүйелі түрде насихаттау міндеттелді.

Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарының маңындағы жол қауіпсіздігі басты назарға алынды. Оқушылардың мектепке бару-қайту бағыттарында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол ережесін сақтау мәдениетін қалыптастыру және мектеп аумағындағы қауіпсіздік шараларын күшейту жауапты мекемелерге жүктелді.

Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасары Ернар Ильясов балалардың заңды мүдделерін қорғау және профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру бағытында тиісті сала басшыларына бірқатар нақты тапсырма берді.

Жайна Қабиболла,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале