24.10.2026, 14:45
Оқылды: 21

Қараөзенде акция аясында жүз көшет отырғызылды

Еліміздің ұлық мерекесі — Республика күні қарсаңында, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қараөзен ауылдық округіне қарасты мекеме-ұйым қызметкерлерінің қатысуымен 100 түп қараағаш отырғызылды. 

image-24-10-26-02-36-3_edit_20161926583348

- Игілікті істің жүзеге асуына мұрындық болып, 1975 жылы дүниеге келген ауыл перзенттері атынан демеушілік жасап, 100 терек алып берген Орал қаласында тұратын бұрынғы ауыл тұрғыны Мырзалы Нұғымановқа жерлестеріміз дән риза. Болашаққа пайдасы тиер маңызды іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, ауылымыздың көркін арттыру және жас ұрпақтың бойына табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру, - дейді ауыл әкімі Нұрхат Сатыбалдыұлы.

Қараөзендіктер бастаған игі бастама өзге ауылдық округтердың тұрғындарынан лайықты қолдау табады деген сенім мол.

Қыдыр Харесұлы, 

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале