Бүгін ұлттық мереке — Республика күніне орай және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында аудан орталығындағы «Достық» саябағында теректер отырғызылды.

Игі шараға аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлімдер мен мекемелердің басшылары және қызметкерлері, ардагерлер мен жастар қатысты.

— Тамыры тереңге кеткен ағаштың ғұмыры ұзақ болатыны секілді, тарихи тамыры берік, бірлігі мығым елдің де болашағы жарқын. Тәуелсіздіктің қадірін білу – ел игілігі үшін еңбек ету, туған жердің табиғатын қорғау, кейінгі ұрпаққа көркейген өлке қалдырудан басталады. Республика күніне орай ұйымдастырылған бұл бастама – елдік мерекенің мазмұнын ізгі іспен сабақтастырған өнегелі қадам болды. Өйткені Отанға деген сүйіспеншілік сөзбен ғана емес, туған жердің өркендеуіне қосылған нақты үлеспен өлшенеді, — деді еңбек ардагері Мұқанғали Бектілеуов.

Жайна Қабиболла,
Қазталов ауданы