Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес батырдың құрметіне Ішкі істер министрлігінің "Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов" ведомстволық медалі тағайындалды, деп хабарлайды polisia.kz порталы.

Фото: POLICE_of_KZ
Алғашқы медаль естелік ретінде батырдың жұбайы Гүлжамал Тәжиеваға табысталды.
Бұдан былай бұл медальмен қызметтік міндетін атқару кезінде батылдық пен ерлік көрсеткен ішкі істер органдарының қызметкерлері марапатталады.