30.10.2026, 11:15
Оқылды: 29

Мәулен Қожахметов: Президент Жолдауы ел дамуының жаңа бағыттарын айқындады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның бүкіл болмысы мен болашағын айқындап, елдің дамуы мен әділетті  Қазақстанды құру жолдарын нақтылады. 

Жолдау-2026, банер, ЖП

Барлық экономикалық, әлеуметтік, технологиялық саяси жағдайлар нақтыланып, халқымыз адал, әділ және үлкен жауапкершілікпен жұмыс жасауға бағыт алды. Жолдауда елдің егемендігі мен тәуелсіздігін сақтап, елді дамытып, болашақ озық ойлы, отаншыл жастарды қолдау жолында барлығымыз бірігіп аянбай еңбек ету керектігіне баса назар аударды. Ол үшін барлығымызды тату болуға, әр іске қолдау көрсетіп, бірге болуға үндеді. Сондай-ақ, халықтың әл-ауқатын жақсартуға адам капиталын дамытуға мол инвестиция тарту, логистика, инфрақұрылымға сапалы жол салуға электр энергиясын дамытуға үлкен мән беруі көңіл құптарлық жағдай.

Жолдауда ауылшаруашылығын дамытуға оны технологиялық жағынан жаңартуға, оған жасанды интеллектіні енгізуге жете мән берген жағдайда, халықтың азық-түлікпен қамтылуы уайымсыз жүзеге асатыны айтылып, оған инвестиция тартудың маңыздылығы атап өтілді. Ауылшаруашылығын одан әрі дамытуда ескі тәсілдерден арылып, жасанды интеллект арқылы халықтық цифрлық экономиканы құрып дамыту қажет.

Ел экономикасының қозғаушы күші шағын және орта бизнесті қаржыландыруға және оның дамуына мән беру, кәсіпкерлікті қолдау арқылы әділ бәсекеге жол ашады.

Жолдауда көңілге қонымды айтылған құптарлық жағдайлардың бірі суды үнемді пайдалануға барлық саланың көңіл бөлуі керектігі мемлекеттік көмектің мұқтаж жандарға берілуі, ең төменгі жалақының келер жылдан бастап 100 мың теңге болуы, медицина қызметкерлерінің еңбек өтіліне қарай жалақысының 40% өсуі, мұғалімдердің басы артық жұмыстан доғарылуы, мемлекеттік басқару қызметін реформалау басты бағыттардың бірі болмақ. Мемлекет басшылысының Жолдауда айтқан мәселелерді орындау барлығымыздың міндетіміз. Кез келген реформаны, мәселені тиісті дәрежесінде орындау үшін заң жеткіліксіз. Оны нәтижелі орындау үшін сананы өзгерту қажет. Әрекет түбі берекет. Әр адам өзгерісті өзінен бастап, адал, әділ, отаншыл, жауапты, адамгершілігі мол адам болуы керек. Жарқын болашаққа бағытталған Мемлекет басшысының Жолдауын қолдап, оны орындау жолында атқарылар жұмыстарда бәріміз бірге болайық. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Келер 2027 жыл «Халықтық ауқымды құрылыс жылы» табысты болсын.

 

Мәулен Қожахметов,

еңбек ардагері, аудандық

ақсақалдар кеңесінің төрағасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале