30.10.2026, 14:45
Оқылды: 20

Шыңғырлау өнерпаздары облыстық шығармашылық фестиваліне қатысты

Қайырымдылық айлығы аясында ерекше қажеттіліктері бар жандардың шығармашылық әлеуетін қолдауға, өнерін ұштап, қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беруге бағытталған XXVIII облыстық шығармашылық фестивалі өтті.

image-30-10-26-10-32 (1)

Өнер мен шабыт тоғысқан фестивальді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық академиялық филармония және Батыс Қазақстан облысының «Мүгедектердің ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Аталған өнер додасында ауданымыздың атынан вокал бағыты бойынша Жұлдыз Қабиева, музыкалық аспапта орындау бағыты бойынша Тілекші Кереев өнер көрсетті. Өнерпаздар фестивальге белсенді қатысып, ұйымдастырушылардың Алғыс хаттарымен марапатталды.

 

Сара Шакрат

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале