«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының 10 жылдық мерейтойына орай осы қор қолдауымен салынған Жаңаөмір спорт кешенінде балалар арасында дзюдодан ашық турнир ұйымдастырылды.

Жиында «Самұрық-Қазына» корпоративтік қорының бас менеджері Ермек Саят Рустамұлы, аудан әкімінің орынбасары Т. Сағынгереев сөз сөйлеп, өңірде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалардың маңызына тоқталып, жас спортшыларға жеңіс пен сәттілік тіледі.
Турнирге әртүрлі аудандар мен дзюдо клубтарынан келген жас спортшылар қатысып, татамиде өз шеберліктерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.
М.Нұрымжанқызы