1.11.2026, 11:00
Оқылды: 48

Қазақстанда 2029 жылға дейін 7 әуежайдың ұшу-қону жолағы жаңғыртылады

Қазақстанда 2029 жылға дейін әуежай инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі ауқымды жобалар іске асырылуда, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

аэропорт

​Мемлекет басшысының 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді орындау мақсатында Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың төрағалығымен барлық әкімдік пен әуежай өкілдерінің қатысуымен арнайы кеңес өтті.

Жиында ұшу-қону жолақтарын салу және реконструкциялау, сондай-ақ жолаушылар терминалдарын жаңғырту жобаларының барысы қаралды.

​Үш жылдық жоспар аясында еліміздің 7 әуежайындағы ұшу-қону жолақтарын жаңғырту көзделген. Атап айтқанда, Астана, Шымкент және Ақтөбе қалаларында 3 жаңа жолақ салынса, Алматы, Жезқазған, Тараз және Орал қалаларындағы қолданыстағы 4 жолақ реконструкцияланады. Сонымен қатар Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Жезқазған, Семей, Павлодар және Үржар әуежайларында жаңа жолаушылар терминалдары бой көтеріп, кейбірі қайта жөндеуден өтеді.

​Кеңес барысында жобалау-сметалық құжаттаманы уақтылы әзірлеу, қаржыландыру көздерін айқындау және мерзімдерді қатаң сақтау мәселелері пысықталып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырма берілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале