Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар өтініш субъектісінің өтініші бойынша Конституциялық Сот адвокаттың немесе заң консультантының қатысуын қамтамасыз етеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты жазды.

Конституциялық Соттың тиісті қаулысы өтініш беруші таңдаған облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың адвокаттар алқасына не заң консультанттары палатасына жолданады.
Адвокаттың немесе заң консультантының еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.