2.11.2026, 18:00
Оқылды: 17

Бөкей ордасы ауданының әкімі "Құрметті азаматты" қабылдады

Бүгін аудан әкімі Нұрлыбек Даумов еңбек ардагері, Бөкей ордасы ауданының "Құрметті азаматы" Ерболат Таңатовты қабылдап, құрмет көрсетті. Жетпіс жасқа толып отырған Ерболат Таңатов  тракторист көмекшісінен (тіркемеші) бастап,   биліктің баспалдағынан өткен жан.

IMG-20261030-WA0076

Қырық жылдан астам еңбек өтіліне көз жүгіртсек, зоотехник, партия комитетінің хатшысы, аудан әкімінің орынбасары, мәслихат төрағасы қызметтерін атқарған екен.  Аудан әкімі Нұрлыбек Даумов мерейтой иесінің  өнегелі  өмір жолын, азаматтық  белсенділігін  айтып,  ризашылығын білдірді. Иығына шапан жауып,  Батыс Қазақстан облысының "Құрметті ардагері " төсбелгісін табыс етті.

Шара қонақтары Лариса Қайырғалиева Ерболат Таңатовтың басшылық ұстанымы мен азаматтық болмысын, қарапайымдығы мен қамқорлығын ерекше айтып өтсе, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков Ерболат Қабденұлының Кеңес одағының кемел кезеңін, қайта құру дәуірін, Тәуелсіздіктің тоқырау жылдары сияқты қиын кезеңде қызмет еткенін, ұтымды шешім шығарып, үйлесімді шара қабылдағанын еске алып, жақсы естелік айтты. Еңбек ардагері Жасқайрат Сұлтанғалиев, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сүйінбек Хайруллин, еңбек ардагері Нұртай Хамзин, Ержан Айтқалиевтер де әріптес ретінде сөз алып, мерейтой иесінің тәлімгерлік қасиетіне тоқталды. Аудандық үнжария редакторы Ұлпан Жакина Ерболат Таңатовтың тұрақты оқырман, әрі демеуші, белсенді автор екенін айтып, лебізін білдірді.
Өз кезегінде сөз алған Ерболат Қабденұлы аудан басшылығына өзіне көрсетілген құрмет үшін алғысын білдірді.

Анар Артықбай
Суретке түсірген Әділет Абдиров

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале