Бүгін Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәкен Қазбекұлы Мырзақұлов 2026 жылғы 2 қарашадағы №877 бұйрығына сәйкес Абылай Қобыландыұлы Амановты Теректі аудандық ауруханасының директоры лауазымына тағайындады.

Аманов Абылай Қобыландыұлы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетін «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 2020 жылы және «Онкология» мамандығы бойынша резидентураны 2023 жылы аяқтаған.
Еңбек жолын хирург дәрігер ретінде бастаған. Әр жылдары Бәйтерек және Қазталов аудандарының медициналық ұйымдарында қызмет атқарған. Бүгінгі күнге дейін Облыстық онкологиялық диспансер директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары лауазымында қызмет етті.
"Теректі жаңалығы"