2.11.2026, 21:00
Оқылды: 17

Ел энергетика саласында қауіпсіздік үшін ақылды каскалар мен экшн-камералар қолданыла бастады

​«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ электр желілерінде жұмыс істеу кезінде қауіпсіздікті арттыру және өндірістік жарақаттанудың алдын алу мақсатында өндіріске экшн-камераларды енгізуде, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

IMG_20261102_184318_637_edit_87974551098938

Фото: Minenergokz

​Пилоттық жоба 2024 жылы басталса, қазіргі таңда қала мен облыстағы электр желілері аудандарының барлық жедел-көшпелі бригадасы осындай ақылды каскалармен толық жабдықталған. Алдағы уақытта шеберлер бригадаларын да осындай құрылғылармен қамту көзделген.

​Камералар қауіпсіздік талаптарының сақталуын тікелей эфир режимінде бақылауға жол ашады. Жауапты мамандар мен басшылар ықтимал қатерлерді дер кезінде анықтап, қажет болған жағдайда жұмысты тоқтата алады. Сондай-ақ түсірілген бейнежазбалар жүйелі түрде талданып, анықталған олқылықтар бойынша қызметкерлерге қосымша нұсқамалар беріледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале