2.11.2026, 23:00
Оқылды: 4

Қазақстанда ЖРВИ-мен сырқаттанушылық 44%-ға төмендеді

​Қазақстанда жіті респираторлық вирустық инфекциялармен (ЖРВИ) сырқаттанушылық деңгейінің төмендегені байқалады, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

InShot_20261102_185312216

Фото: DenMinPR

​Қазан айының соңғы аптасында елімізде 74 689 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен эпидемиологиялық маусымның сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44%-ға, ал алдыңғы аптамен салыстырғанда 1,5 есе аз. Жалпы маусым басталғалы бері 1 075 450 жағдай тіркеліп отыр.

​Зертханалық мониторинг нәтижелері айналымдағы тұмауға жатпайтын вирустардың ішінде риновирустар, аденовирустар мен бокавирустар басым екенін көрсетті. Маусым басталғалы бері А(H1N1)pdm09 тұмауының 12 жағдайы зертханалық тұрғыдан расталды.

​Қазіргі уақытта республика өңірлерінде тұмауға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Халықты қамту үшін «Гриппол®» вакцинасының 2,2 млн дозасы сатып алынды. Қараша айының басындағы мәлімет бойынша, 1 670 447 адам егіліп, тиісті контингенттің 75,3%-ы қамтылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале