4.11.2026, 17:15
Оқылды: 23

Қаратөбе ауданында мерзімді баспасөзге жазылу мәселесі талқыланды

Мерзімді баспасөзге жазылу науқанына орай алғашқы сапары Қаратөбе ауданы, Аққозы ауылдық округінен бастау алды. Газет ұжымы әуелі ауылдық округ әкімі аппараты және мәдениет үйі қызметкерлерімен, содан соң Аққозы мектеп бөбекжай-балабақша кешенінің ұжымымен кездесті.

IMG_4044 (1)

Газет редакторының міндетін уақытша атқарушы Райымбек Абай округте өткен кездесулерде ауыл тұрғындарын облыстық аға басылымдар және төл басылым «Қаратөбе өңірі» газетіне жазылу мәселесіне тоқталды.
Округ әкімі Ерлан Қайырлиев берілген межеге сай баспасөзге жазылу науқанының жүргізілетіндігін сонымен қатар алдағы жылдың бірінші жартыжылдығына облыстық газеттермен бірге ауданның төл басылымы «Қаратөбе өңірі» газетіне жазылуға округ тұрғындары мен мекеме қызметкерлерінің атсалысатындығын жеткізді.

IMG_4060 (1)
Аққозы мектебінің ұжымымен кездесуде мектеп директоры Аслан Тілепиев аудандық «Қаратөбе өңірі» газетіне ұжым болып ұйымшылдықпен жазылатындықтарын айтты.

С.Хасан,
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале