Араға 12 жыл салып, 30 қазан - 6 қараша күндері аралығында Тараз қаласында өткен Қазақстан чемпионаты ресми түрде мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Фото: DRSQazaqstan
20 салмақта сынға түскен 337 боксшы (223 ер, 124 әйел) бір апта бойы шаршы алаңда жеңімпазды анықтады.
Нәтижесінде ерлер арасында 5 боксшы және әйелдер арасында 4 спортшы алғаш рет чемпион атанды.
📍Қандай жайттар тіркелді?
⁃ 65 келіде 4 жылдан кейін Қазақстан чемпионатына қатысқан Абзал Серік (Шымкент қ) қайта топ жарды.
⁃ 54 келіде 3 дүркін әлем чемпионы, осы салмақта маусым айында Қытайда өткен әлем кубогының жеңімпазы Назым Қызайбай (Алматы қ) финалда Элина Базароваға жол берді.
⁃ 80 келіде Надежда Рябец (Қостанай обл) үшінші жыл қатарынан чемпион атанды. Ол финалда U19 санатындағы әлем чемпионатының қатысушысы Айдана Убайдуллақызын жекпе-жексіз жеңіске жетті.
⁃ Ерлер арасында ең ауыр салмақта 3 жыл қатарынан финалдық жекпе-жек өтпеді.
⁃ Ерлер арасында ең жас чемпион ретінде Әділбек Қожахан (18 жас) тіркелді.
⁃ Әлем чемпионатының финалистері Виктория Графеева, Елдана Талипова мансаптарында алғаш рет Қазақстан чемпионы атағына қол жеткізді.
⁃ Дәулет Төлемісов 2025 жылы 85 келіде топ жарса, биыл 90 келіде алтын жүлдені еншіледі.
Ерлер
🆕50 келі. Нұрзат Оңғаров (Жамбыл обл)
55 келі. Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда обл)
🆕60 келі. Әділбек Қожахан (Жетісу обл)
65 келі. Абзал Серік (Шымкент қ)
🆕70 келі. Фарух Тоқтасынов (Алматы қ)
🆕75 келі. Нұрбек Мурсал (Алматы қ)
🆕80 келі. Санжар-Али Бегалиев (Шымкент қ)
85 келі. Темірлан Мұқатаев (Астана қ)
90 келі. Дәулет Төлемісов (Ақтөбе обл)
+90 келі. Данияр Рахымбердинов (Алматы қ)
Әйелдер
🆕48 келі. Гүлназ Бөрібаева (Қарағанды обл)
51 келі. Анита Адишева (Қарағанды обл)
54 келі. Элина Базарова (Шымкент қ)
57 келі. Ұлжан Сәрсенбек (Түркістан обл)
🆕60 келі. Виктория Графеева (Алматы қ)
65 келі. Аида Әбікеева (Қарағанды обл)
70 келі. Бақыт Сейдіш (Алматы қ)
🆕75 келі. Шұғыла Нәлібай (Түркістан обл)
80 келі. Надежда Рябец (Қостанай обл)
🆕+81 келі Елдана Талипова (Алматы қ)