Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, сотқа дейінгі тергеу басталды деді БҚО ПД баспасөз қызметі.

Фото: zhaikpress.kz
Құрылыс алаңындағы бұл оқиғаны сол маңдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған.

Видеода үлкен құрылыс кранының құлап жатқанын көруге болады. Айналасында адамдар байқалады.

Оқиға Орал қаласының маңайындағы Мичурин ауданындағы көп қабатты үйлердің құрылысы жүріп жатқан жерде болған.