8.11.2026, 23:00
Оқылды: 0

Қазталов ауданында «KAZTALOV CUP» футзал турнирі өтті

Спорттық додаға аудан аумағындағы ауылдар мен көршілес аудандардан келген командалар қатысып, алаңда өзара мықтыны анықтады.

image-08-11-26-10-16-12_edit_134036303837201

Бірнеше кездесу бойы жалғасқан тартысты ойындарда командалар жоғары дайындықтары мен алаңдағы шеберліктерін көрсетті. Нәтижесінде І орынды Қазталов ауданының командасы, ІІ орынды Сайқын ауылының командасы алды. Ал Қошанкөл ауылының командасына үшінші орын бұйырды.

image-08-11-26-10-16-15_edit_134027986245277

Сонымен қатар турнир барысында жеке ойын өрнегімен ерекшеленген спортшылар да назардан тыс қалмады. «Үздік қақпашы» номинациясы Санжар Альбертовке, «Үздік қорғаушы» Керей Қайржановқа, «Үздік шабуылшы» Айбек Наурызғалиевке, ал «Үздік ойыншы» атағы Арман Көшербаевқа табысталды.

Жайна Қабиболла, 

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале