10.11.2026, 10:00
Оқылды: 11

Бүгін цифрландыру саласының жұмыскерлері кәсіби мерекесін атап өтеді

Цифрлық технологиялар өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Олар мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырып, бизнес, білім, ғылым және басқа да салалардың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуда.

IMG_20261110_092336_627

Қазақстанда 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды. Бұл еліміздің технологиялық дамуына стратегиялық басымдық беріліп отырғанын көрсетеді. Ауқымды өзгерістер мен цифрлық шешімдердің артында білімі мен кәсібилігін, тың идеяларын ел игілігіне бағыттап жүрген мамандардың еңбегі тұр. Олардың қажырлы жұмысының арқасында Қазақстан озық технологияларды меңгеріп, жаһандық цифрлық кеңістіктегі өз позициясын нығайтуда.

Цифрландыру саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Жаңа идеялар, табысты жобалар мен еліміздің игілігі жолындағы толағай жетістіктер тілейміз!

@ortcom_kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале