10.11.2026, 12:36
Оқылды: 0

Көкпардан Казталов ауданының біріншілігі өтті

Казталов ауданы, Талдықұдық ауылында ұлттық спорт түрі – көкпардан аудан біріншілігі ұйымдастырылды.

image-10-11-26-11-03-6

Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, көкпар спортын дамытуға, ауыл командалары арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған жарысқа аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Манарбек Бектияров, Талдықұдық ауылдық округінің әкімі Эльдар Аманғалиев, ауданның бірқатар ауылдық округтерінен келген шабандоздар қатысты.

Дүбірлі дода барысында шабандоздар ат үстіндегі ептілігі мен шеберлігін, күш-жігері мен төзімділігін сынға салды. Әрбір тартыс пен салым жарысқа жиналған көрермендердің қызығушылығын арттырып, ерекше әсер сыйлады.

image-10-11-26-11-03-7

Жарыс барысында командалар өзара тартысты бәсекеге түсіп, жеңіс жолында бар күшін салды. Шабандоздар ат үстіндегі шеберліктерін танытып, командалық үйлесімділік пен спорттық дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша Әбіш ауылының командасы жүлделі І орын, Казталов ауылының командасы жүлделі ІІ орынды иеленсе, Ақпәтер ауылының командасы үздік үштікті түйіндеді.

 

Әдемі Жасұланқызы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале