13.11.2026, 15:15
Оқылды: 9

Бәйтеректе есірткіге қарсы жасөспірімдермен профилактикалық кездесу өтті

Бәйтерек ауданы Калинин ауылындағы «Шың» сазды-драма театрында «Бәйтерек – есірткісіз аудан!» атты профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Басқосу Бәйтерек ауданының ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «ЯҢАРЫШ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде өтті.

image-13-11-26-02-18-4

Кездесуге адам құқықтарын қорғау, полиция, денсаулық сақтау салаларының өкілдері және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы қатысты. Атап айтқанда, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілі Жұбаныш Аманкос, облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің жедел уәкілі, полиция подполковнигі Бағдат Түгелов, консультативтік-кеңесші органның мүшесі Әсел Мырзахметова, мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесінің меңгерушісі Ғалей Аманжұлов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қуанышбек Мұқатаев және учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Мирбек Каналиев қатысты.

image-13-11-26-02-18-5

Кездесу барысында мамандар есірткі қылмысының құқықтық салдары, оның адам денсаулығына тигізетін зияны және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін түсіндірді. Оқушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, сала мамандарымен ашық пікір алмасты.

image-13-11-26-02-18-9

image-13-11-26-02-18-2

Іс-шараның ерекше бөлігі Орал қаласы полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығы қызметкерлерінің қатысуымен өтті. Қызметтік ит Лайманың көмегімен есірткі заттарын анықтау бойынша тәжірибелік көрсетілім ұйымдастырылды. Кинологтар Камелов Маралбек пен Уразов Айбек қызметтік иттің жұмыс тәртібі мен іздестіру мүмкіндіктерін көрсетті.

image-13-11-26-02-18-7

Профилактикалық кездесуге ауданның тоғыз мектебінен 8–11-сынып оқушылары мен педагогтер қатысты. Олардың қатарында Қ. Қайсенов, Қ. Аманжолов, И. Есенберлин, Ш. Уәлиханов атындағы мектептер, сондай-ақ Камен, Переметное, Зеленов, Егіндібұлақ және Белес мектептерінің өкілдері болды.

Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, есірткінің зияны туралы түсінігін кеңейтуге, сондай-ақ салауатты өмір салты мен қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

Юлия Яфарова

Бәйтерек ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале