12 қарашада «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Бәйтерек ауданында азаматтардың көшпелі қабылдауы ұйымдастырылды.

«ЯҢАРЫШ» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен өткен қабылдауға ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілі Жұбаныш Аманкос пен облыстық полиция департаментінің консультативтік-кеңесші органы және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшесі Әсел Мырзахметова қатысты.


Кездесу Егіндібұлақ, Шалғай және Атамекен ауылдарында өтті. Қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін көтеріп, заңнама талаптары, азаматтардың құқықтары мен оларды қорғау жолдары бойынша мамандардан кеңес алды.

Мұндай көшпелі қабылдаулар шалғай елді мекен тұрғындары үшін құқықтық көмектің қолжетімділігін арттырып, азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Юлия Ринат
Бәйтерек ауданы