13.11.2026, 16:39
Оқылды: 8

Қаржыгерлер марапатталды

15 қараша – Ұлттық валюта күні. Бұл күн қаржыгерлердің де төл мерекесі екенін айта кету керек. Айтулы мейрамға орай аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев аудан қаржыгерлерімен мерекелік кездесу өткізді.

IMG_4209

Қабылдауда сөз алған аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы қаржыгерлерді төл мерекелерімен құттықтады.

IMG_4222

– Сіздерді кәсіби мереке – Қаржыгер күні және Ұлттық валютамыздың 33 жылдығымен құттықтай отырып, жемісті еңбек, кәсіби табыс, қаржы ісіндегі тұрақтылық пен жаңа табыстар тілеймін, - деп қаржыгерлерді марапаттады.

IMG_4226

Кездесу барысында БҚО әкімі Н.Төреғалиұлының алғыс хатымен, облыс әкімінің орынбасары Т.Ерсайынұлының алғыс хатымен және аудан әкімінің алғыс хатымен қаржы саласының бірқатар мамандары марапатталды.

Мерекелік жүздесуде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағанбетов, аудандық аурухананың бас есепшісі Қалампыр Сәрсенғожина, аудандық қазынашылық басқармасының маманы Нұргүл Аманғалиева әріптестерін төл мерекелерімен құттықтап, аудан басшылығына алғстарын жеткізді.

С.Хасанов 

Қаратөбе ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале