Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) күзгі ірі халықаралық турнирлер сериясының қорытындысы бойынша әлемдегі ең мықты боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды qazaqparat_kz.

Фото: QazAqparat_kz
Қазақстан құрамасы әлемдік әуесқой бокста үздіктер қатарындағы мәртебесін сақтап қалды: төрт отандық спортшы өз салмақ дәрежесінде бірінші орынды иеленіп отыр, ал тағы төртеуі екінші орында.
Жаңа рейтингіде төрт отандасымыз өз салмақ дәрежелерінде көш бастап тұр. Олар: Санжар Тәшкенбай (50 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Наталья Богданова (70 келі) және ауыр салмақтағы Айбек Оралбай (90 келіден жоғары).
Сонымен қатар Махмұд Сабырхан (55 келі), Назым Қызайбай (48 келі) және Аида Әбікеева (65 келі) екінші орынға жайғасты. Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Алуа Балқыбекова (51 келі) бір саты жоғарылап, рейтингінің екінші сатысына шықты.
Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) мен Нұрбек Оралбай (85 келі) үздік үштікті түйіндеп отыр.