БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 15 қараша күні шамамен сағат 18.09-да Жымпиты-Қособа автожолында Hyundai Solaris және ВАЗ-2110 автокөлігі соқтығысқан.
Алдын ала мәлімет бойынша анықталғанындай, Hyundai Solaris автокөлігінің жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, ВАЗ-2110 автомобилімен түйісуге жол берген.
Жол апаты салдарынан ВАЗ-2110 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды.
Hyundai Solaris жүргізушісі мен екі жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді.
- Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Басқа ақпарат тергеу мүддесінде ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды, - деп хабарлады ведомстводан.
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, марқұм болған екі ер адам Ақжайық ауданы Сайқұдық ауылында тұрған. Соңдарында шиеттей балалары қалды.
