18.11.2026, 21:30
Оқылды: 3

Бөкей ордасы ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланды

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылу бойынша жиын өтті.

IMG-20261118-WA0009

Фото: Әділет Абдиров

Аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов төрағалық еткен басқосуға облыстан арнайы келген Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі Алдияр Халелов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Рүстем Зулкашев және «Ақжайық» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының өкілдері Серік Жарылғапов пен Олжас Абаканов, ауылдық округ әкімдері, тиісті бөлім басшылары мен мемлекеттік бағдарлама аясында несие алған кәсіпкерлер қатысты.
Жиынды ашқан аудан әкімінің орынбасары Кенесары Бекболатұлы басқосудың мақсатын түсіндіріп өтті.
Жиында сөз алған облыс әкімінің кеңесшісі Алдияр Халелов мемлекет тарапынан берілген мүмкіндікті тиімді пайдаланудың маңыздылығына тоқталды.

Ауданда «Ауыл аманаты» жобасының шапағаты мен игілігін көріп отырғандар аз емес.  "Ауыл аманаты" жобасы бойынша аз-маз қаржы алып, шаруашылықтың барлық қиындығын бір өзің көргенше корпоративтерге бірігіп, жүкті жұмыла көтеруге шақырды. Ауыл шаруашылығы өндірістік корпоративтерін құрып, бірлесе еңбек етсе, үлкен жеңілдіктерге ие болатынын түсіндіріп өтті. Ол өзге өңірлерде ашылған шағын кәсіпкерліктерді мысал ретінде айтса, Рүстем Мүлкайұлы ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың бағдарламадағы басымдықтары туралы сөз қозғады.

IMG-20261118-WA0015
Бағдарлама аясында кәсіп бастаған азаматтар тек өз отбасын немесе ауыл-аймағын қамтумен шектеліп қалмауы тиіс. Өндірілген өнім үлкен нарыққа жол тартып, тұрақты пайда әкелуі керек. Бұл ретте өнімді өндіруден бастап, оны сатып, табыс тапқанға дейінгі барлық кезеңде кооперативтер негізгі дәнекер болуы керек.
Басқосу соңында жаңа бастамалардың тамыр жайып, ауыл экономикасының өркендеуі үшін ауыл әкімдері, кәсіпкерлер бірлесе отырып, жүйелі түрде нәтижелі жұмыс атқаруы қажеттігі баса айтылды.

Ақсәуле Әлжанова,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале