19.11.2026, 11:00
Оқылды: 6

Орал қаласының қысқы маусымға дайындығы пысықталды

Орал қаласындағы Қазыбек би көшесінде ұйымдастырылған арнайы алаңда қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиевтің қатысуымен қысқы маусымға дайындық барысы тексерілді.

InShot_20261119_060702977Іс-шара барысында коммуналдық және жол-пайдалану техникаларының әзірлігі, қажетті материалдар қоры мен жауапты мекемелердің қысқы кезеңдегі жұмыс жоспары қаралды.

Қазіргі таңда «Жайық Таза қала» ЖШС теңгерімінде 205 бірлік арнайы және коммуналдық техника бар. Соңғы 6 жылда аталған мекеме 117 жаңа арнайы техника сатып алды. Қысқы кезеңге қажетті жанар-жағармай қоры жасақталып, 35 мың тонна құм-тұз қоспасы дайындалған. Кәсіпорында 750-ден астам қызметкер еңбек етеді.

Қала аумағы солтүстік және оңтүстік бөліктерге бөлініп, қар тазалау жұмыстары екі бағытта қатар жүргізіледі. Қар жауған жағдайда көшелерді тазалау, жолдарға құм-тұз қоспасын себу және жиналған қарды қала аумағынан шығару жұмыстары тәулік бойы ұйымдастырылады.

InShot_20261119_060531325

Іс-шараға полиция, төтенше жағдайлар, жедел медициналық жәрдем, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметтерінің және волонтерлік ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жандос Дүйсенғалиев жауапты мекемелерге қысқы маусымда жұмыстарды үйлесімді ұйымдастыру, жолдарды уақтылы тазалау және тұрғындардың өтініштеріне жедел ден қою бойынша тиісті тапсырмалар берді.

 

Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале