19.11.2026, 13:00
Оқылды: 0

Сырым ауданының мұғалімі Алтынсарин медалін тақты

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин саланың дамуына үлес қосып, кәсіби қызметінде жоғары жетістікке жеткен педагогтарға мемлекеттік наградалар мен ведомвстволық марапаттарды табыс етті. 
8e9de380-00ac-4dd4-9a85-9ea461423289
Осы салтанатты шарада сырымдық педагог, Ж. Досмұхамедов атындағы жалпы білім беретін мектеп - балабақша - бөбекжай кешенінің директоры Нұржауған Құлмұханова Ы. Алтынсарин атындағы медальға ие болды.
Нұржауған Жаңатауқызы еңбек жолын 1989 жылы Өлеңті ауылындағы мектептен бастады. Педагог - биолог шәкірттерін тірі табиғаттың тылсымын танып, тілін түсінуге үйретті.
Әрі қарай директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, кейін мектеп директоры болды.
Қырық жылға жуық мұғалімдік қызметінде ол мыңдаған баланың жүрегінің отын жақты.
Бүгінде олар - педогогтар, технологтар, дәрігерлер.
Міне сол қызмет Нұржауған ханымды білім саласындағы кәсіби жетістіктің жарқын бағасына - Ы. Алтынсарин медалі лайықты етті.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале