Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин марапаттаған тағы бір ауыл мұғалімі - Сара Ахмамбетова.
Сара Орынғалиқызының тақта алдында тұрғанына биыл 45 жыл толады екен. Жетікөл ауылдық округіндегі Сырым орта мектеп - балабақша кешенінде бастауыш сынып пәні мұғалімі болып еңбек еткен Сара Ахмамбетова кеше ҚР Оқу - ағарту Министрлігінің “Еңбек ардагері” төсбелгісіне ие болды. Ведомвстволық марапатты облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин табыс етті.
Сырым аудандық білім беру бөлімінің хабарлауынша, Сара Ахмамбетованың жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру ісіндегі жоғары кәсіби шеберлігі, шығармашылық ізденісі және өзіндік озық іс-тәжірибесі мен үлгілі сабақтары республикалық «Мұғалімдердің әдістемелік мақалалар жинағы», «Қазақстанның ұлағатты ұстазы» журналдарында, «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» жинағында және облыстық басылымдарда кеңінен жарық көрген.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы