Жымпитыдағы “ҚазАвтоЖол” ЖШС, №39 жол пайдалану бөлімінің жолшылары Қайыржан Гумаров пен Асылбек Ищанов салалары бойынша биік марапаттарға ие болды.

Атап айтсақ, Асылбек Ищанов “Құрметті жолшы” ведомстволық төлбелгісін тақты. Ал, Қайыржан Гумаров “Еңбек ардагері” атанды.
Екеуі де Жымпитыдағы бөлімде ауыр техникалар жүргізеді.

Республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы жөндеу және қысқы-жазғы уақыттағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары - “ҚазАвтоЖол” жолшыларының қастерлі ісі екені ескерсек, ыстық пен аязда, қар мен тайғақта сапта жүретін сала саңлақтарының еңбегі зор.
Марапаттарды «ҚАЖСервис» ЖШС Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Ұлан Тоқтарбек тапсырды.
Қайыржан Гумаров кеше Астана қаласында 42 жылдан астам еңбегі үшін «ТМД Үкіметаралық жолшылар кеңесінің “Али Мұсаұлы” медалімен құрметтелді.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы