Биыл Жымпитының орталығындағы С. Датұлы атындағы мәдени-демалыс саябағында бірқатар жаңғыру жұмыстары жасалды.

Нақтырақ айтсақ, ауласына 2000 шаршы метр жерге өрнектес төселді. Әсіресе, батырдың мүсініне дейін тозған жолдың беті сандықтың бедеріндей таспен өрілді.
Орталық сахнаның алдындағы алаңқай да жаңарды. Спорт алаңы кеңейтіліп, жаңа көрермендер зонасы салынды.

Саябақ ішіне кәсіпкер Асан Тұрсынбаевтың демеушілігімен жаңадан 54 шам тағылды.
Асан 1988 жылы Жымпиты дүниеге келген. Бастауыш білімді Қ. Мырзалиев мектебінен алған. 2018 жылы «SGP Group Kazakhstan» жеке компаниясын құрды. Мекеме электржабдықтаумен айналысады.

Ұжымда 15 адам еңбек етеді.

Қазір Сырым саябағындағы самаладай шамдар Асанның туған жеріне деген махаббатының белгісіндей нұр шашып, жарқырап тұр.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы