23.11.2026, 15:00
Оқылды: 42

Оралда Қадыр Мырза әлиді еске алуға арналған халықаралық турнир басталды

Jaiyq arena спорт кешенінде қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлиді еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

923864862_997367032930430_9107566994850551441_n — копия

Байрақты бәсекеге Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ауғанстан мемлекеттерінен және еліміздің бірнеше өңірінен келген 400-ге жуық спортшы қатысуда. Ардагерлер, жастар, балалар мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған жарыстың жалпы жүлде қоры – 1,5 млн теңге.

925925419_1156570810161900_6701863615486700749_n
Салтанатты шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов пен оның орынбасары, БҚО тоғызқұмалақ федерациясының президенті Мұхтар Манкеев, спорт ардагерлері мен ұлттық ойын жанашырлары қатысты.

925925419_1156570810161900_6701863615486700749_n — копия
Аймақ басшысы жиналғандарды турнирдің ашылуымен құттықтап, ұлттық спортты дамыту мен төл құндылықтарымызды дәріптеудің маңызына тоқталды.

923864862_997367032930430_9107566994850551441_n
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлттық құндылықтарымызды сақтауға, төл спорт түрлерін дамытуға ерекше мән беріп келеді. Бүгінде ұлттық ойынымыз әлемдік деңгейде танылып, халықаралық жарыстардың ауқымы кеңейіп келеді. Қадыр Мырза Әлидей ұлт руханиятының көрнекті өкілін ұлықтауға арналған бұл турнирдің Жайық жерінде өтуі – біз үшін үлкен мәртебе. Мұндай жарыстар жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, ұлттық мұрамызды кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді, – деді Нариман Төреғалиев.

926157387_2387773025092863_1327614734287524183_n 915695499_1128219099824252_4540111413899644535_n
Шара барысында ұлттық спорттың өркендеуіне еңбек сіңірген жаттықтырушылар мен спорт саласының өкілдері «Тоғызқұмалақ қайраткері» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, жуырда Түркияның Амасия қаласында өткен дүниежүзілік додада топ жарған жерлесіміз, бес дүркін әлем чемпионы Самира Оразмұханбетке құрмет көрсетілді.

920541282_1147861467655552_2391104937531528355_n 915695499_1128219099824252_4540111413899644535_n — копия
Бес күнге созылатын халықаралық дода спортшылардың тәжірибе алмасуына, жас дарындардың танылуына және тоғызқұмалақтың әлемдік деңгейдегі беделін арттыруға бағытталған.

 

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале