25.11.2026, 12:00
Оқылды: 31

Қазақстанның теміржол паркін 162 жаңа жолаушылар вагоны толықтырды

Елімізде жолаушылар вагондары паркін жаңарту жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылы 191 жаңа вагон алу жоспарланған, оның 162-сі еліміздің теміржол паркіне қабылданды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі жазды. 

b136f80ee8bcc7a0099bed5a867f855625394443dfa36a8360916825bc86cce4_1280x720

Жаңа вагондардың 51-і RWS Wagon зауытында, ал 111-і Stadler Kazakhstan компаниясында шығарылған.

Жаңа вагондар жайлылық пен қауіпсіздіктің заманауи талаптарына сай келеді. Олар ауа баптау және бейнебақылау жүйелерімен, айналымдағы ауаны зарарсыздандыру құрылғыларымен, биодәретханалармен, жолаушылар орындарының жеке жарықтандыру жүйесімен, сондай-ақ мобильді құрылғыларды қуаттауға арналған розеткалармен және USB-порттармен жабдықталған.

f67f96bd3fb105f4aab644077d3f62fa13552e74106f7f3dab52ce10f41c6427_1280x720

Теміржол көлігінің мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған. Штабтық вагондарда арбаларды орналастыруға арналған аумағы кеңейтілген арнайы купелер қарастырылған. Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында вагонға міну және одан түсуді жеңілдететін көтергіш құрылғылар орнатылған. Ал кіреберістің табалдырықсыз болуы вагонға кедергісіз кіруге мүмкіндік береді.

Сапар кезіндегі жайлылықты арттыру мақсатында вагондар Wi-Fi желісімен, эргономикалық тұтқалармен, жарықдиодты жарықтандыру жүйесімен, купедегі температураны жеке реттеу мүмкіндігімен және сейфтермен жабдықталған. Жаңа вагондарды тиісті деңгейде пайдаланылған жағдайда қызмет ету мерзімі 40 жылға дейін жетеді.

cfe536cb1a9b8e5ab753cf3eab2cb87c1bf688e41a7f3d9fb31b8c84182ccce5_1280x720

Жолаушылар вагондарын кезең-кезеңімен жаңарту халыққа көрсетілетін көлік қызметінің сапасын арттыруға бағытталған. Бұл жолаушылар үшін неғұрлым жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға, тасымалдау сенімділігін арттыруға және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале